Үндістанда жаппай тәртіпсіздік салдарынан 35 адам қаза тапты

REUTERS
REUTERS
Жаппай тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ, тас, таяқ қолданылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нью-Делиде жаппай тәртіпсіздік салдарынан қаза тапқандардың саны 35 адамға жетті, – деп хабарлайды tengrinews.kz India Today-ге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, зардап шеккендер Гуру Тег Бахадура, Лок Наяк және Джаг Правеш Чандра атындағы ауруханаларда жатыр.

"Жүздеген адам жарақат алып, ондаған адам қаза тапты. Жаппай тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ, тас, таяқ қолданылды. Көбі аман қалу үшін шатырлардан секіріп, ауыр жарақат  алып жатыр. Қаза тапқандардың туыстары марқұмдардың денелерін алып кетіп жатыр", – деді ауруханалардың бірінің басшысы.

Еске салайық, мұның алдында Үндістанның Нью-Дели қаласында жаппай тәртіпсіздік болып, бес адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Жергілікті халық 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған азаматтық туралы жаңа заң үшін көтеріліске шыққан. Ол заң бойынша мұсылман емес азаматтарға, Ауғанстан, Пәкістан және Бангладеш елдерінің босқындарына, азаматтық беру тәртібі жеңілдетіледі.

Ал Үндістанның жергілікті халқы мұның адам құқығына және Конституцияға қайшы екенін айтады.

Үндістанда бір жасар бала итпен үйленді

Новости партнеров