Алматыда 12-ші Республикалық музыкалық олимпиаданың ашылу салтанаты өтті. Байқауды ұйымдастырудағы мақсат – дарынды жастарды іріктеу. Өнер-білім додасына шығармашылық бағыттағы жоғарғы оқу орындары және басқа да университеттің музыкалық факультеттерінің студенттері қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олар музыка білімінің жеті бағыты бойынша сайысқа түспек. Музыкант жастарды қолдауға бағытталған шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Білім және ғылым министрлігі біргіп ұйымдастырған. Қазылар алқасының құрамында көрнекті өнер қайраткерлері бар.
Жыл сайын дәстүрге айналған шараның биылғы ерекшелігі Ұлы Абайдың туындыларын орындау. Байқау 10 сәуірге дейін жалғасады.
"Өнер жоғары оқу орындарынан басқа, педогогикалық оқу орындарындабіздің мамандықтар бар, сондықтан олимпиада осы бағытта 254 студент биылғы өтінішкеліп түсіп отыр, алдынғы олимпиаданың уақыты бізде 10 сәуір күні аяқталады", – деді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқу әдістемелік бөлім меңгерушісі Айнұр МӘШІМБАЕВА.