|
06.07.2019 | 14:59
4711

Жайлы жерде отырып алып, аналар мен балаларды бүлікке шақырмаңдар – Гаухар Танашева

Жайлы жерде отырып алып, аналар мен балаларды бүлікке шақырмаңдар – Гаухар Танашева

«Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Biz birgemiz!» атты митингте Тәуелсіздік жылдарындағы соны жаңалықтарды, толағай табыстарды, тыныш өміріміз туралы айта келе, осындай тыныштығымызды лайлағасы келетін, араға іріткі салғысы келетін кейбір адамдар жайында да пікірлерін жасырмады, деп хабарлайды Қазақ үні

Солардың бірі – алматылық көпбалалы ана, «Қазақстан балалары» қайырымдылық қорының басшысы, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі Гаухар Танашева.

«Жолдасым екеуіміз 8 бала тәрбиелеп отырмыз. Олардың бесеуін асырап алғанбыз, біреуі бала жасынан сырқат. 8 баланы асырау оңай емес, әрине. Бірақ осы қадамға мен аналық жүрегіммен бардым. Оған еш өкінбеймін де. Бізге мемлекет те, «Nur Otan»партиясы да әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Бүгінде шетелде тұрып, көп балалы аналардың мәселесін өзінің теріс пиғылына пайдаланғысы келетіндер пайда болыпты. Солардың ең белсендісі Әбілязов екендігі де жасырын емес. Жат елде, жайлы жерде отырып алып, аналар мен балаларды бүлікке шақыратындардың қарапайым адамдарды қару ретінде пайдаланғысы келетіндірдің іс-әрекетін азаматтыққа жатқыза алмаймын», – деді көпбалалы ана.

Сондай-ақ, ол өзі секілді аналарды ешкімнің айтағына, арандатуына ермеуге шақырып, өз ішіміздегі мәселені ешкім сырттан келіп шешіп бермейтінін, ауызбіршілік болса, алынбас қамал болмайтынын айтты.

Бейбіт шеруге жиналғандар көпшілік қауымды Елбасының берекеге бағышталған елдік жолын ұстанып, Мемлекет басшысының маңайына топтасып, мемлекет тұрақтылығын шайқалтпауға, ел бірлігіне сызат түсірмеуге атсалысуға шақырды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир