AlmatyTV қызметкерлері "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды
Almaty.tv
Төсбелгі телеоператор Диаскен Байтибаев пен оператор Арсен Сандыбаевқа берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін «Алматы» телеарнасының екі қызметкері "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің марапатын «Алматы» телеарнасының бас директоры Тимур Базарбаев табыстады.
Төсбелгі телеоператор Диаскен Байтибаев пен оператор Арсен Сандыбаевқа берілді.
Еске сала кетейік, «Қаңтар оқиғасы» кезінде қарулы қақтығыс салдарынан арнамыздың көлік жүргізушісі Мұратхан Базарбаев оқиға орнында қаза тапқан болатын. Сонымен қатар телеоператоры Диаскен Байтибаевтың қолына оқ тиіп, жараланды. Ал оқыс оқиға кезінде табандылық танытып, әріптестерін дер кезінде ауруханаға оператор Арсен Сандыбаев жеткізген еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
30.09.2026 10:15
Шымкентте күйеуінің өліміне күдікті әйел қамауға алынды
29.09.2026 19:39
Алматыда су мен кәріз қызметінің тарифтері өзгереді
29.09.2026 16:36