Алматыдағы қанша кәсіпкер кіріс декларациясын тапсырмады

Almaty.tv
Almaty.tv
Сала мамандары процестің баяу жүріп жатқанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы кәсіпкерлердің 50 пайызы кіріс декларациясын тапсырмаған. Жыл басынан бері жалпыға бірдей салықтық есептің үшінші кезеңі басталса да, сала мамандары процестің баяу жүріп жатқанын айтты. Тиісті құжатты бұл жолы заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруы қажет. Ал талапты орындамағандар үшін қандай шара қарастырылып отыр? Осы және өзге де сауалдарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қала бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығының басқарма басшысы Айжан Бекеева жауап береді.

– Айжан Есболқызы, неліктен жұрт декларация тапсыруды кешіктіріп жүр? Қалыптасқан ахуал жайлы толығырақ айтып берсеңіз.

– Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен келе жатыр. 2024 жылы үшінші кезеңде 250-нысан бойынша жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары, заңды тұлғалардың құрылтайшылары, қатысушылары, басшылары тапсыруы қажет. Статистикаға жүгінетін болсақ, 342 мың адам тапсыруы керек. Соның ішінде 145 мың адам тапсырды, олардың 99,9 пайызы «e-Salyq Azamat» мобилді қосымшасы арқылы электронды түрде тапсырған. Сонымен қатар алдағы кезеңдермен салыстырғанда 54,5 пайыз көбейген. Бұл белсенділікті көрсетіп отыр.

– Ал құжат тапсыру мерзімі қай уақытқа дейін жалғасады? Заң бұзғандарға қандай жаза қарастырылған?

– Декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсыру қажет. Ал егерде тапсырмаған жағдайда, бірінші рет ескерту беріледі. Ал екінші рет 15 АЕК айыппұл салынады. Кәсіпкерлерді тездетіп, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатқан кезде тапсыруға шақырамыз.    

Новости партнеров