|
04.06.2023 | 15:15
2979

Мемлекеттік рәміздерге 31 жыл: аталмыш мереке Бостандық ауданында қалай аталып өтті

Бостандық ауданы әкімі аппараты басшылығының ұйымдастыруымен өтті

Мемлекеттік рәміздерге 31 жыл: аталмыш мереке Бостандық ауданында қалай аталып өтті Almaty.tv

Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру және жаппай әнұранды орындау іс-шарасы «Атакент» саябағында, Бостандық ауданы әкімі аппараты басшылығының ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты шараға ауданның мемлекеттік мекемелері де қатысты.

«Бүгінгі іс-шараның ұйымдастырылу мақсаты, 2007 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні туралы заңға қол қойылды. Содан бері, бұл күнді жыл сайын атап өтеміз. Бұдан бөлек,  бүгін автошеру ұйымдастырдық. Абай даңғылы бойымен туымызды көтеріп, жігіттеріміз көлікпен жүріп өтеді. Қазір, Мемлекеттік туымызды әдемі «Атакент» саябағында көтеріп жатырмыз. Іс-шараға Бостандық ауданы әкімі Алин Санжар Меңдібайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Пердебекұлы Күзембаев,  арнайы шақырылған ІІМ академиясының қызметкерлері мен ауданның мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты. Әнұранды Талғат Күзембаевпен бірге орындадық. Кішкентай баладан үлкендерге дейін біз өз Туымызды жақсы көреміз. Менің ойымша, рәміздерімізді құрметтеп ардақтау әр қазақстандықтың парызы», – деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы.

Көк туды көтергендердің бірі М. Есболатов атындағы ІІМ академиясының қызметкері Байгараев Есет Сахарбайұлы да осы күнге қатысты өз пікірін білдірді.

«Осындай шараға қатысу біздің уақытта керек деп ойлаймын. Әрбір Қазақстан азаматының жүрегінде патриоттық сезім болуы керек. Биыл Мемлекеттік рәміздерімізге 31 жыл болды. Осындай сезімді оятатын іс-шараларға алдағы уақытта да қатысатын боламын», – деді М. Есболатов атындағы ІІМ академиясының тыңдаушысы Байгараев Есет Сахарбайұлы.

Сондай ақ, патриоттық шараға қатысқан қала тұрғыны Мемлекеттік рәміздер қай елде болсын Қазақстанды ерекшелеп тұратын, мағыналы атрибуттар дейді.

«Мемлекеттік рәміздер бұл – кез-келген елдің ең басты ұстанымы, бағаналы орда, басты орданың ең негізгі бетке ұстары. Өз елінде болсын, өзге елде болсын өзіндік символ ретінде бет-бейнесін қалыптастырған өте үлкен мән-мағынаға ие атрибуттар», – дейді қала тұрғыны.

Оқи отырыңыз: Алматыда Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир