Қайтыс болған адамның көлік салығы бойынша берешегін мұрагері төлеуі керек пе? Бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство байланыс орталығына жиі қойылатын сұрақтардың бірі жеке тұлғаның көлік құралы үшін салық төлеуге қатысты екенін атап өтті.
- Көлікті өз атымызға қайта рәсімдегіміз келіп еді, бұрынғы иесі қайтыс болған. Бұрынғы иесінің қарыздары бар екен, яғни көлік салығы төленбеген. Көлік салығы бойынша қарызды кім және қалай төлеуі керек? ,- деп сұрады салық төлеушілер "Вопрос недели" айдары аясында.
- Жеке тұлға қайтыс болған күні немесе қайтыс болды деген соттың тиісті шешімі болса, онда қарыз қайтыс болды деп жарияланған күні қалыптасқан берешек сомасына жүргізіледі. Уақытылы төлемегені үшін өсімпұл жеке тұлға қайтыс болған күнге дейін есептеліп, төленеді, - деп хабарлады комитет.