|
16.05.2019 | 15:16
1389

Алматыдағы күйіктің иісі: Балаларға көшеге шықпауға кеңес берілді

Білім басқармасы түске дейін денсаулық жағдайына байланысты шағымданғандар болмағанын айтты

Алматыдағы күйіктің иісі: Балаларға көшеге шықпауға кеңес берілді

Алматы қаласының білім басқармасы Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өртке байланысты кеңес берді. Өрттен кейін қала тұрғындары күйіктің иісіне шағымданған еді, деп хабарлайды Stan.kz.

Білім басқармасы 16 мамырда түске дейін денсаулық жағдайына байланысты шағымданғандар болмағанын айтты. Олардың сөзінше, мектептерде сабақты тоқтатуға негіз жоқ.

«Мектептерге оқушыларды оқу процесі аяқталғанша ғимаратта ұстауға кеңес береміз. Ал ауысым аяқталғанда, балаларды ұстап отыра алмаймыз. Оларға бірден үйіне қайтуға кеңес береміз. Сынып жетекшілер балаларға көшеге шықпау, үйінде, пәтерінде болу туралы нұсқаулық беріп жатыр. Балабақшалардың тәрбиешілері балаларды көшеге алып шықпайды. Барлығы ғимараттың ішінде.

Мектептер мен балабақшаларда медициналық қызметкерлер орнында отыр. Білім беру мекемелерінің басшылары олармен және сынып жетекшілермен бірге кабинеттерді аралап, кеңес беруде. Бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз», - дейді білім басқармасының өкілі.

Еске сала кетсек, 16 мамырда Алматы тұрғындары сасық иістен демалу мүмкін емес екенін айтқан еді. Артынша иісті жайлауына Алматы облысында қоқыс үйіндісінің өртенуі себеп болғаны хабарланды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир