Алматыда Молдахмет Сыздықұлының мемориал тақтасы ашылды

Биыл көрнекті суретшінің туғанына – 95 жыл
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы қаласында кескіндеме өнерінің негізін салушы, педагог, Қазақстанның Халық суретшісі Молдахмет Сыздықұлының мемориал тақтасы ашылды. Тақта өзі 30 жылдан астам уақыт тұрған Төлебаев көшесі №125 үйге қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Биыл көрнекті суретшінің туғанына  – 95 жыл. Тақтаның ашылу салтанатына балалары мен туысқандары жиналды. Әбілхан Қастеевпен замандас болған оның туындылары терең лиризм мен эпикаға толы. Бүгінде 5 баласының бәрі де осы сурет саласында әкесінің жолын жалғап қызмет етіп келеді. Шара қалалық әкімдіктің қолдауымен іске асты. Арнайы комиссияның қаралуына 40-тан астам елге еңбегі сіңген қайраткерлердің жетістіктері келіп түскен. Нәтижесінде 10 тұлғаға мемориал ескерткіш қою шешімі шықты.

«Ол енді керемет адам еді, айтары жоқ. Алматыға бірде демалысқа келген кезде ол кісі менің портретімді салды отырғызып қойып. Сол сурет қазір Мәскеудегі өнер орталығында тұр», – дейді М. Сыздықұлының інісі Марлен ОҢАЙБАЕВ.

Новости партнеров