Әшімбаев: Әлеуметтік кодекс – Сенат қабылдаған маңызды құжаттың бірі

Almaty.tv
Almaty.tv
Сенатордың айтуынша, кодекс әлеуметтік көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа әлеуметтік кодекс – Сенат қабылдаған маңызды құжаттың бірі. Бұл туралы Палатаның жұмысын қорытындылаған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сенатордың айтуынша, кодекс халыққа мемлекеттік қызметтерге, әлеуметтік көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Биыл бірінші шілдеден бастап күшіне енген заң жобасының мақсаты – әрбір отбасының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту.

– Егер бір отбасы қиын жағдайға тап болса, Үкімет оны барынша қолдауы қажет. Проактивті қызмет көрсетілуі тиіс. Әлеуметтік кодекстің маңызды міндетінің бірі – осы. Жұмыспен қамту, балабақшаға орналастыру сынды көмек көрсетеді.  Заң жобасы әлі де қауқарын көрсете алмай отыр. Алайда келесі жылдан бастап бірыңғай жүйе қалыптасады деп үміттенеміз, – деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оқи отырыңыз: Жұмыс берушілерге жаңа міндет жүктелді

Новости партнеров