Қазақстандықтар қаңтар айында неше күн демалады
kolobok.ua
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2022 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биылғы жылдың соңғы күні 31 желтоқсан – жұмаға сәйкес келеді және жұмыс күні болып есептеледі. Елімізде 1 және 2 қаңтарда Жаңа жылға орай ресми түрде демалыс күні саналады.
Ал 2022 жылдары бұл күндер сенбі мен жексенбіге дөп келіп тұр. Демек, 3-і мен 4-і дүйсенбі мен сейсенбі де қазақстандықтар үшін демалыс болады. Өйткені, мереке күндері сенбі мен жексенбіге тура келгенде демалыс келесі күндерге созылады.
Қазақстанда 2 діни мереке күндері демалыс деп жарияланған. Келер жылдың 7 қаңтары Рождество мерекесі жұма күніне түсіп, 7, 8, 9 қаңтар демалыс күні болады. Осылайша жалпы сенбі-жексенбі күндерін қосқанда, қазақстандықтарды қаңтар айында 13 демалыс күні күтіп тұр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
14.09.2026 13:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
14.09.2026 17:05
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
13.09.2026 16:35
Жас көрінудің қарапайым құпиялары қандай
13.09.2026 14:15