АЭС салынса, қауіпсіздікке аса мән беретін үшінші буын реакторы елге қызмет етеді. Осылай деген сала мамандары, бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде физика-техникалық факультеттің студенттерімен жиын өткізіп, АЭС-ке қатысты бірқатар мәселені талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі Медеу Әбішев, үшінші буын реакторының тиімділігін атап көрсетіп, уран өндірісі жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ басқосуда студенттерді толғандырған сауалдарға жауап беріп, АЭС экологиялық ахуалды реттеуге, экономиканы жетілдіруге, өнеркәсіпті өркендетуге септігін тигізетінін айтты.
– Екінші буындағы АЭС көп салынды. Себебі ол энергия тұрғысынан тиімді болуы керек болды. Бірақ қауіпсіздік шаралары жеткіліксіз болып шықты. Бізге сабақ болды. Соның негізінде 3 және үшінші буындағы реакторлардың құрылымы негізделді, онда ешқандай апат болған жоқ, – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі Медеу Әбішев.
– Ядролық физика саласында маман тапшы деген пікірмен келіспеймін. Өйткені ядролық институтпен ядролық инженерия, ядролық физика мамандарын бірігіп дайындап жатырмыз. Жылына 20 шақты студент түсіп, оқып, диплом алады, – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ теориялық және ядролық физика кафедрасының доценті Сәуле Жауғашева.
Оқи отырыңыз: Елдегі кәсіпорындар 30 мыңнан аса маманға мұқтаж