|
18.02.2019 | 15:39
1863

Алматыда қызын ұрғаны үшін сотталған әйел сот залында шу шығарды (видео)

Анна Иванова алты жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы ювеналды сотында кәмелетке толмаған қызын аяусыз ұрғаны үшін Анна Ивановаға үкім шығарылды. Сот залында қамауға алынған келіншек үкімді естіген соң шу шығарған, деп хабарлайды NUR.KZ.

Анна Иванова алты жылға бас бостандығынан айырылды. Ол бірден сот залында қамауға алынды.

Алайда, сотталушыға үкім шыққан соң тәртіп сақшыларының кісен салғаны ұнамай қалған секілді.

Ол өзінің қашпайтынын, сол себепті, қолын босатуын сұрап, айғайға басқан. Оған қоса, азаматша өзін ұстауға мүмкіндік бермей, сілкіне беріпті.

Ал өз міндеттерін толыққанды орындаған полицейлер Аннаны кісен салған күйде алып кеткен.

Осы уақытта журналистер сотталушыдан қызының кешіргеніне қалай қарайтынын туралы сұрап үлгерді

«Жарады! Кешіргені үшін оған бір тәрелке сорпа беріңдер»,- деп жауап берді Иванова.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир