Еліміздегі «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» тұрғын үй бағдарламасына өзгеріс енгізілді

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Толығырақ «Отбасы банктың» Алматы қаласындағы филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының бағыты саналатын екі бағдарламаға өзгерістер енді. Дәлірек айтсақ, енді «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспаналы боламын дегендерге мүмкіндік арта түспек. Ол туралы толығырақ білу үшін «Отбасы банктың» Алматы қаласындағы филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова Almaty.tv тілкелей эфирінде толығырақ айтып берді.  

– Кеш жарық, Данагүл Тілеуберліқызы, сонымен, «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына қандай өзгеріс еніп отыр. Бұл кімдерге тиімді болмақ? Нақтырақ түсіндіріп өтсеңіз.

– Қайырлы кеш, Өмір. Осы желтоқсан айында «Нұрлы жер» бағдарламасына Үкіметтің қаулысы бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер «Нұрлы жер» бағдарламасының «Бақытты отбасы» бағытына тиесілі. Бұл өзгерістерге байланысты осы Бақытты отбасыларға қойлатын талап бар. Ол талап яғни табысы еңбектен немесе қызмет көрсетуден табатын табыс сомасы адам басына шаққанда 2 күн көріс деңгейінен аспауы керек болатын. Осы мөлшерлеме үлкейтілді. Яғни 3,1 ең төменгі күн көріс деңгейінен аспауы керек деген шешім қабылданды. Бұл көп Қазақстан азаматтарының осы «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында жаңа үй алу мүмкіндігін көбейтіп отыр.

– Ал «Шаңырақ» бағдарламасына енген өзгерістерді айтсаңыз және бұл арқылы осы бағдарламада белгіленген сомадан қымбат тұратын пәтерді алу мүмкін бе?

– «Шаңырақ» бағдарламасына енгізілген өзгерістер жаңа айтып кеткен бағдарламаға ұқсас. Осы «Шаңырақ» бағдарламасында да осындай талап бар. Яғни жанұяның табысы адам басына шаққанда 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек деген талабымыз бар. Осы талап кішкене үлкейтілді. Яғни 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы қажет. Әр отбасының адам басына шаққандағы табысы. Бұл да бүгінгі таңда осы бағдарламаға қатысушыларға мүмкіндік беріп отыр. Өйткені теңгемен шағып айтқанда адам басына 101 мың теңге осыған дейін жүргізілген сома болатын. Енді осы соманы 120 мың теңгеге дейін көтерді. Бұл яғни табысы кішкене жоғар адамдарға мүмкіндік болып, осы бағдарламаға қатысуға болады. Егер де азамат үлкен сомадағы пәтерді сатып алғысы келетін болса осы бағдарлама аясында берілетін, мысалы, Алматы қаласында 18 млн теңге шамасында несие береміз. Егер пәтердің құны 20 млн тепңге тұратын болса айырмасы, яғни 2 млн теңгені салымшымыз, яғни банк клиенті өзі салуына мүмкіндік бар.

– Уақытыңызды бөліп, ақпаратты бөліскеніңізге рахмет!

Новости партнеров