Нұр-Сұлтанда дөңгелек ұрлаумен айналысқан топ ұсталды
Олар күндіз барлап, түнде жорыққа шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтанда көлік дөңгелектерін ұрлаумен айналысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полициядағылардың мәліметінше, олар «Алматы» мен «Байқоңыр» аудандарында көлік дөңгелектерін ұрлап жүрген.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында жергілікті бес тұрғын ұсталды. Олар күндіз алдын ала көліктерде дабылдың бар-жоғын тексеріп, түнде ұрлап әкетіп отырған», - деп хабарлады полициядағылар.
Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, қолды болған заттардың барлығы тәркіленді. Осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13