Ақтауда заңсыз қоқыс төгілген аймақтар анықталып, 25 мың тонна қалдық полигонға шығарылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жұмыс жалғасып жатыр. Сондай-ақ теңіз жағасын тазарту үшін бюджеттен 20 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында республикалық науқан шеңберінде түрлі жаңа жоба іске қосылған.
– Бұл 1-2 күнде жиналған қоқыс емес, кемінде 3-4 жылдық қалдықтар жатыр. Қала аумағында 6 мекенжайды анықтадық. Осының бірі – үшінші өндірістік аймақ. Жұмыстар 2 кезеңге білінеді. Алғашқы кезеңде арнайы техниканың көмегімен тазалау жұмыстары жүргізілсе, кейін арнайы қызметкерлер тазалайды, – деді Ақтау қалалық Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов.
Оқи отырыңыз: Ақтөбедегі өндіріс орнында 5 жұмысшыны күйік шалды