Елордада қолмен тоқылған шырша орнатылды

Елордада қолмен тоқылған шырша орнатылды
Қаладағы жаңа жылдық шыршалар ішінде ерекшеленіп тұрған бұл туындыны қала тұрғындары мен қонақтары да тамашалап, жоғары бағаларын беріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда биіктігі 6 метр қолмен тоқылған шырша орнатылды. Оны жасауға Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Петропавл, Ақтөбе, Тараз және Қарағанды облыстарының тұрғындары атсалысқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа жылдық безендіруге 70 келіден астам иірілген жіп кетіпті. Құрақ көрпе стиліндегі экошырша Нұржол саяжолындағы«Бәйтерек» монументіне қарама-қарсы қойылған. Ерекше шыршаға тағылған зергерлік бұйымдарды жасауға ата-әжелер де үлкен үлес қосыпты. Идея авторы Рахима Мұқышеваның айтуынша, тоқылған шыршаны жасау бастамасын көп жылдар бойы ойластырған. Осылайша адамдарды игі іске біріктіріп, бас қалада жаңа жылдық атмосфера қалыптастырғысы келген. 

«Жас аралығы 3 жастан 82 жасқа дейін бұл экошыршамызға басқа да қала тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, Ресей мен Өзбекстан елдері қатысты. Африка елінің тұрғыны шыршамызды істеп жатқан жерінен көріп қызығушылық танытып өз үлесін қосыты. Әттең, анамнан үйренбегенім-ай деп үйреніп қайтты», – деді идея авторы Рахима Мұқышева.

Қаладағы жаңа жылдық шыршалар ішінде ерекшеленіп тұрған бұл туындыны қала тұрғындары мен қонақтары да тамашалап, жоғары бағаларын беріп жатыр.

БЛИЦ :  

Бұл шыршаның ерекшелігі  қолөнер. Қолдан тоқылған қолөнерді жаңғыртып казақтың жас талапкерлердің өнері де бізді қуантып жатыр.

– Мен Алматыдан келдім. Шырша өте керемет! Бұндай шыршаны бірінші рет көріп тұрмын.

Новости партнеров