ЭКСПО қалашығындағы пәтерлер бөліп төлеу жүйесі бойынша сатылады. Қырықтан астам үйі бар қалашықтың иесі болып табылатын «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы пәтерлерді сатудың жаңа ережесін бекітіпті. Бұл үйлерхХалықаралық ЕХРО-2017 көрмесінің қатысушылары үшін салынған болатын. Ал қалашықтан баспананы қалай алуға болады? Бұл сұрақтың жауабын «Бәйтерек Девелопмент» компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Дана ТӨЛЕШ айтып бермек.
– Дана ханым, жалпы, ЭКСПО қалашығынан үйді қалай алуға болады? Шарттары қандай?
– Енгізілген жаңа шарттарға сәйкес, бір отбасы бір үйге ие бола алады және оларға автотұрақ, көлік қою орын беріледі. Сондай-ақ әрбір отбасы берілетін алғашқы жарнаның ңөлемі 20 пайыздан кем болмауы керек. Біз әрбір сатып алушы азаматтың төлем қабілетілігін жан-жақты тексереміз.
– Пәтер алатындар мемлекеттік бағдарламардың қай түріне жүгіне алады?
– Негізі бізде үш тәсілі бар. Ол – әрбір азамат екінші деңгейлі банк арқылы пәтерге ие бола алады. Екіншіден, «7-20-25» бағдарламасы арқылы пәтерге қол жеткізе алады. Үшіншіден, «Тұрғын -үй жинақ банкінде» «Өз үйім» деген арнайы бағдарлама бар. Соларға жүгініп, пәтерлерге ие болу мүмкіндігі бар.
– Қанша пәтер бүгінге дейін сатылды және саудаға түспегені қанша? Жеке шаршы метрдің бағасын қалай бекіттіңіздер?
– Бүгінгі күнге дейін пәтер алушылардың атынан 1500-ден астам өтініш келіп түсті. Олардың бәрі мұқият талқыланады. Екіншіден, бүгінге дейін 1300 пәтердің ішінен 148-і сатылды. Бір шаршы метрдің сомасы – 399 990 теңгені құрайды.
– Жауабыңызға рахмет.
Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы, Астана