Қазіргі таңда тергеушілер сотталғандардың АИТВ инфекциясын қалай жұқтырғанын анықтауда. Болжам бойынша сотталғандар есірткі заттарын пайдалану кезінде инфекция жұқтырылған шприц пайдаланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Долинка кентінде орналасқан АК 159/20 түзету мекемесінде АИТВ жұқтырудың 11 фактісі анықталды. Аталмыш ерлер колониясында ауыр емес қылмыс жасаған сотталғандар жазасын өтейді. Қазіргі таңда істі полиция мамандары тергеп жатыр. Тергеушілер бас бостандығын айырылғандар инфекцияны қалай жұқтырғанын анықтайды. Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында сотталғандар инфекцияны шприц арқылы жұқтырғанын хабарлады.
«Бүгінгі таңда сотталғандар арасында АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі анықталды. Барлық сотталушы жұмысқа орналастырылған. Ауру колониядан тыс, олар жұмыс істеген жерде жұқққан. Инфекция абайсызда инъекция арқылы таралған», - деп түсіндірді Қарағанды облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Мария Нұртазина. ҚАЖ департаментінде бұл оқиғаны полиция тергейді деп хабарлады.
«Дереу қызметтік тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғау мақсатында материалдар Шахтинск қаласының полиция бөліміне тапсырылды. Қазіргі уақытта аталған факті аясында сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша оқиғаның себебі анықталады»,- деді Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілі.