|
31.01.2020 | 15:54
2245

Алматы облысы Жамбыл ауданынан 5000-нан астам соғысқа аттанған жауынгерлерден бүгінде 2-і ғана қалыпты

Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойы ерекше атап өтілмек

Алматы облысы Жамбыл ауданынан 5000-нан астам соғысқа аттанған жауынгерлерден бүгінде 2-і ғана қалыпты

Арамызда ардагерлер сиреп жатыр. Тек Алматы облысының Жамбыл ауданынан сұрапыл соғысқа, 5000-нан астам жерлесіміз аттанса, бүгінде одан тек 2 ардагер ғана қалыпты. Оларға мемлекет қана емес, соғыс атаулыны өмірі көрмеген жас буын өкілдері де ерекше көңіл бөлуде. Ал биылғы жылы Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойы бүкіл ел аумағында ерекше аталып өтілмек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұзынағаш ауылының құрметті ардагері Федор МельЯнович соғысқа бар-жоғы 17 жасында аттанған. 1945 жылы фашистер тізе бүккенімен, майдангер үшін соғыс аяқталған жоқ. Сонау 1951 жылға дейін қолынан қару тастамаған ержүрек жерлесіміз жапон милитаристері жойылғаннан кейін ғана туған ауылына оралыпты.  

«Соғысқа қатысқандар үлкен шығынға ұшырады. Бүгін бар адам ертең жоқ. Майданда ауыр жарақат алып, мүгедек болғандар қаншама?!. Сұрапыл соғыс ешкімді аяған жоқ» - деді ҰОС ардагері Федор КОВАЛЕВ.

Ардагерлердің көңілін сұрап, жағдайларын білу үшін бір топ оқушылар да батырлардың шаңырағына бас сұқты. Олар қазыналы қарияларға ізгі тілектерін айтып, ақ баталарын алды. Жергілікті «Жас Сарбаз» патриоттық  ұйымының белсенділері сабақтан қолы босағанда, ардагерлерге жиі барып, көмектесіп тұрады еді.

«Біздің ауданда  Жамбыл ауданында қорғаныс істер бөлімінен яғни іскери комиссариат 1941-1945 жыл аралығында 5300 адам соғысқа аттанған. Соғысқа аттанып 1945 жылы соғыстан аман-есен келген елге 2306 адам. Соғыста қайтыс болған адам 2506, 2506 адамның ішінде 100-і ешқандай хабар-ошарсыз кеткен», - деді Жамбыл аудандық Қорғаныс істері бөлімінің бастығы Сұлтан ҚАЛЫБАЙ.

Бүгінде жасы 98-ге келген Михаил Алексеевич те бозбала шағында қолына қару ұстап, соғысқа өз еркімен аттанған ержүрек азаматтардың бірі. Кезінде ең қатерлі дұшпанның бетін қайтарған батыр, соғыс жылдарын көзіне жас алып еске түсіреді.

«Ең қиыны шешуші ұрысқа дайындалу еді. Окоп қазып, танктерді жерге көміп қарымта шабуылға тыңғылықты дайындалатынбыз. 1944 жылы менің танкіме снаряд тиіп, денемді  күйік шалған еді. Абырой болғанда, ажалдан аман қалдым», - деді Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил ПРОКОПЕНКО.

Аспаны ашық, бейбіт елде өмір сүргенге не жетсін? Бүгінгі жастарға тілейтінім сол, дейді ардагер қариялар. Олардың өсиеті, жарқын болашақ үшін шалған құрбандығы еш уақытта ұмытылмауы тиіс.

Зере Әмірқызы, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир