|
29.04.2019 | 16:03
4213

«Қураған ағаш пен криминалды шағынаудан»: Бостандық ауданының тұрғындары әкімге шағымданды

Бейсенбі күні аудан әкімі Алтай Рақымбетов тұрғындар сауалына жауап береді

«Қураған ағаш пен криминалды шағынаудан»: Бостандық ауданының тұрғындары әкімге шағымданды

Алматыдағы Бостандық ауданына қарасты Исиналиев көшесі бойындағы ағаштар тұрғындар үшін қауіпті. Күшті жел тұрса қураған бұтақтар адамдар мен көліктерге құлап түсуі мүмкін. Мұндай ағаштардың діңгегі 3 қабатты үйден биік 1,5 шақырым жолда ұзына бойы өсіп тұр деген жергілікті тұрғындар, бүлінген бұтақтар өткен жылдан бері кесілген жоқ Almaty.tv тілшілеріне шағымданды.

- ПИК төрағасы былтыр бұо ағаштардың бұталарын кесеміз деп уәде берген. Бірақ, кескен жоқ, биыл тағы солай уәде берді, биыл да уәдесін орындамай отыр. Жел тұрғанда қураған бұталар сынып, адамдардың басын түсті, - дейді Исиналиев көшесінің тұрғыны аудан әкімдігіне шағымын айтып.

«Казақфильм» шағынауданының тұрғындары да айтар уәжі бар. Халық бұл маңды криминалды ауданға айналып бара жатыр деп алаңдайды.

- Бұл шағынаудан расымен де қауіпті криминалды орынға айналды. Қараңғы түсе түрлері күдікті ер адамдар жиі жиналады, бәлкім есірткі сатушылары шығар, кім білсін?! Бәрі бірін-бірі таниды, топ-топқа бөлініп, қақтығыстарға да барып жатады, - дейді «Казақфильм» шағынауданының тұрғыны.

Ал, бұл сауалдарға осы бейсенбіде сағат 19:30-да Бостандық ауданының әкімі Алтай Рақымбетов тікелей эфирде «Әкіммен ашық әңгіме» бағдарламасында жауап береді. Аудан тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарын қазірден бастап «Алматы» арнасының ресми сайтында қалдырып, WhatsApp қосымшасы арқылы жазбаша, аудио және бейне жазба ретінде жібере алады. Сонымен қатар, тікелей эфир кезінде студияға қоңырау шалу арқылы да сауалдарыңызға жауап ала аласыздар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир