|
04.02.2022 | 16:10
621

Елімізде азық-түлік бағасын бақылау үшін пилоттық жоба іске қосылады

Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған

Елімізде азық-түлік бағасын бақылау үшін пилоттық жоба іске қосылады ашық дереккөз

Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру үшін пилоттық жобаны іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, инфляцияның өсуіне, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Осы бұйрықпен әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен көмірді өткізу кезінде электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) шығару бойынша салық төлеушілердің міндетін енгізу бөлігінде пилоттық жобаны 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асыру көзделеді.

Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир