Ерболат Досаев Алматы халықаралық әуежайының инвесторларымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
TAV Airports Holding президенті және Бас директоры Мұстафа Сани Шенермен кездесуде жаңа жолаушылар терминалын модернизациялау және салу жөніндегі топтың инвестициялық жоспарлары талқыланды.
Ерболат Досаев Алматы Халықаралық әуежайы – қаланың визит карточкасы екенін және оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мегаполис экономикасына мультипликативті әсер беретінін атап өтті.
Бұдан басқа, әуежайды жаңғырту оңтүстік астананың туристік әлеуетін дамытуды күшейтеді, оның инвестициялық тартымдылығын және Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлылық деңгейін арттырады.
Қала билігінің жобаны қолдауға және нысанды белгіленген мерзімде тапсыру үшін проблемалар мен мәселелерді шешуге ықпал етуге дайын екенін атап өтті Ерболат Досаев.