|
Qoǵam
17.11.2019 | 16:10

Жоғалып кеткен көкшетаулық қыз Нұр-Сұлтандағы кафелердің бірінен табылды

Ол үйіне оралудан бас тартқан

Жоғалып кеткен көкшетаулық қыз Нұр-Сұлтандағы кафелердің бірінен табылды

Жоғалып кеткен көкшетаулық 16 жастағы студент қыз Нұр-Сұлтандағы кафелердің бірінен мас күйде табылды. Ол үйіне оралудан бас тартқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Із-түзсіз жоғалып кеткен қызды табу үшін оның ондаған таныстары мен жақындары сұралған. Қызды кездейсоқ көріп қалуы мүмкін тәртіп сақшылары мен қалааралық автобустар мен такси жүргізушілерімен де жұмыс жүргізілді. 

Көкшетау тұрғынының суреті Ақмола және көршілес облыстардың, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының барлық аумақтық полиция бөлімдеріне ілінді. 

"16 жастағы Расула Жанашев 15 қарашада кешке елордалық кафелердің бірінде табылды. Ойын-сауық орнында қыз мас күйде болып, үйіне қайтудан бас тартты. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірім әкесінің бақылауында", - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Еске салсақ, Расула Жанашеваның жоғалып кеткені туралы хабар 13 қарашада Көкшетау қаласының полиция басқармасына түскен. Анасының айтуынша, 8 қарашада қаладағы колледжердің бірінде оқитын 1-ші курс студенті Зеренді ауылында тұратын әкесіне баратынын айтқан. Алайда қыз бала ол ауылға жетпеген.

‡агрузка...