Владимир Беккер Пиджим ауылындағы селге қатысты мәлімдеме жасады

Владимир Беккер Пиджим ауылындағы селге қатысты мәлімдеме жасады
Ауылдың 5 көшесі мен 278 ауласын басқан селден ешкім зардап шеккен жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет дауылды алдын ала ескерту жіберіп, сел жүретініне 95 пайыз ықтималдық болған». Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Алматы облысының Пиджим ауылында жүрген селге қатысты осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аталған елдімекенде кеше кешкі 21:00-де арна-арық жүйесінен шыққан су ауылдың 5 көшесі мен 278 ауласын басқан. Бұған ауылдың солтүстік-шығысында қатты жауған нөсер жаңбыр әсер еткен. Мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар мамандары, шекарашылар, ұзын саны 186 адам мен 37 техника бірлігі жұмылдырылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

«Бүгін таңғы 6.00-де орын алған жағдай толығымен шешілді. Су деңгейі төмендеді. Су тасқыны салдарынан адамдар мен тұрғын үйлер зардап жоқ. Ерекше айтып өтерім, 31 мамыр күні Қазгидромет нөсер жауын жауатынын айтып, дабыл қаққан, әркімнің телефон нөміріне ескерту жолданған. Хабарламаны селдің жүру мүмкіндігі 90-95 пайыз болған соң жібердік», – дейді  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир БЕККЕР.

Новости партнеров