Конституция күніне арналған мерекелік шаралар 29 тамызда басталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Алматыда мерекелік концерт 29 тамызда кешкі сағат 19:00-де Абай алаңында өтеді.
Шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары: «МұзАРТ» және «Жігіттер» тобы, Қайрат Нұртас, Мархаба Сәби, Калифорния, Yenlik, Ильхан Исханов, Жанар Дұғалова, Hey Monro және тағы басқалар қатысады.
Қала қонақтары мен тұрғындар үшін сахна экрандарында тақырыптық видеосы бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады.
30 тамызда Конституция күніне орай бірқатар спорт шарасы ұйымдастырылады.
Айта кетейік мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді:
- Әуезов ауданында салтанатты іс-шара 29 тамызда сағат 11:00-де, Family Park демалыс саябағында өтеді.
- Наурызбай ауданында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Конституция күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығында (Шұғыла шағынауданы, 347/4) өтеді.
- 29 тамызда сағат 16:00-де Алатау ауданының Атлетикалық ауыл аумағында Конституция күніне арналған концерт өтеді;
- 29 тамызда сағат 17:00-де Бостандық ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт MEGA Alma-Ata СОО амфитеатрында өтеді;
- 29 тамызда сағат 18:00-де Түрксіб ауданында қазақстандық жұлдыздар мен көркем ансамбльдердің қатысуымен мерекелік бағдарлама Сейфуллин даңғылы, 13/1 бойынша №6 оқушылар үйінің аумағында ұйымдастырылады.
Аудандық мерекеде туды салтанатты түрде шығарып, әнұран орындалады, 16 жасар азаматтарға жеке куәлік табыстап, ұтыс ойындары мен конкурстар, сондай-ақ ашық аспан астында кино көрсетіледі.
- 29 тамызда сағат 19:00-де Жетісу ауданында Конституция күніне орай салтанатты концерт «Гүлдер» саябағында, Серіков көшесі 2а;
- 30 тамызда сағат 12:00-де Медеу ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Гоголь көшесі, 1;
- 30 тамызда сағат 17:00-де Алмалы ауданында концерт Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайы бойынша Mega Park СОО аумағында өтеді.
Оқи отырыңыз:Конституция – еліміздің негізгі заңы: Алматыда ғалымдар бос қосты