Әміржан Қосановтың жақтастары үнпарақтарды үйлердің ауласына барып таратты

Әміржан Қосановтың жақтастары үнпарақтарды үйлердің ауласына барып таратты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әміржан Қосановтың сайлауалды штабы Нұр-Сұлтан қаласындағы үгіт-насихат жұмыстарын күшейтті. Штаб өкілдері мен ерікті жастар бағдарламаның негізгі бағыттары жазылған үнпарақтарды енді тұрғын үй кешендерінің аулаларында таратып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Әдеттегідей, олар жергілікті тұрғындарға Әміржан Қосановтың ұстанымдары көрініс тапқан үнпарақтарды таратып, бағдарламының негізгі бағыттары туралы ақпарат берумен айналысты.

«Үгіт-насихат жұмыстарының алғашқы аптасы бітті. Бір аптаның ішінде қаланың біраз жерлерінде болып үлгердік. Үміткердің сайлауалды платформасын таныстырып жатырмыз. Сайлауға қатысты сұрақтарға жауап беріп жатырмыз. Жалпы, осындай жұмыстар қаланың барлық жерлерінде жүргізіледі. Үш аптаның ішінде қаланы қамтимыз деп ойлаймын», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың қалалық сайлауалды штабының жетекшісі Аршат ОРАЗ.

Қазір Әміржан Қосановтың республикалық орталық штабында 10-нан астам қызметкер бар. Бұдан бөлек, насихат құралдары мен ақпарат таратуда 20-дан астам ерікті жас қолғабыс етіп жүр. Үміткердің 100-ге жуық сенімді өкілі де түсіндіру жұмыстарына  өз үлесін қосып жатыр.

«Сайлау күні жақындап келеді. Үміткерлердің саны көп. Сондықтан олар туралы ақпараттың, үгіт-насихат құралдарының көп болғанын қалаймыз. Үміткерлер сөзден іске көшкені дұрыс», – дейді ерікті Дарья ДЕЛЕСКЕ.


Новости партнеров