|
08.12.2023 | 16:15
404

Қазақстанда адам саудасы тыйылмай тұр

Елде құлдықта ұстау мен бала саудасы көбейген

Қазақстанда адам саудасы тыйылмай тұр Aimaty.tv

Қазақстанда адам саудасы тыйылмай тұр. Биыл елде 65 жағдай тіркелген. Адам құқығы мен бостандығын аяққа таптаған әрекеттің дені – құлдықта ұстау мен бала саудасы. Бұл туралы Астанада өткен халықаралық форумда айтылды, деп хабарлайды Aimaty.tv.

Құзырлы орган өкілдері, омбудсмендер, депуттар, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен сарапшылар бас қосып, қоғамда бас ауыртқан проблемамен күресудің жолын іздеді. Жиында азаптауға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтылды. Биыл күш органдарының 40 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында 12 адам темір торға қамалған. Елдегі адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысының айтуынша, саладағы жұмыс жандана түсті. Бастамаға жаңадан құрылған Конституциялық сот мүмкіндік жасамақ.

– Омбудсмен институты қандай жетістікке жеттік? Бүгін жиынға үкіметтік емес ұйымдардың өкілі, қоғам белсенділер келіп отыр.  Нақты қандай мәселе барын естіп, бірлесе жұмыс істейміз, – деді Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Салтанат Тұрсынбекова.

Оқи отырыңыз: Балама қысым жасады: дөрекі қылығы қызу талқыға түскен мұғалімге қатысты іс қозғалды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир