Олжас Бектенов су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды жеке бақылауына алды

primeminister.kz
primeminister.kz
Құзырлы органдар елдегі ахуал туралы тәулік сайын есеп беріп отырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің, жекелеген өңірлер әкімдерінің баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Үкімет басшысына қар мен мұздың күрт еруіне байланысты және су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында өңірлерде қалыптасып отырған ахуал туралы баяндалды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жұмыстарға жеке құрамнан 2500 адам, 700-ге жуық техника, 290-нан астам су айдау және жүзу құралдары жұмылдырылған. Жұмыстар іс-қимыл алгоритміне сәйкес жүргізілуде. «Жедел желі» телефондары, сонымен қатар өңірлік байланыс орталықтары жұмысын жалғастыруда.

Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында және Астана қаласында республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.

Төтенше жағдайлар министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыру және елдегі ахуал туралы тәулік сайын есеп беру тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Дауылды ескерту: елдегі су айдындарына үздіксіз мониторинг жүргізіліп жатыр

Новости партнеров