|
07.06.2023 | 20:22
7187

Ақтөбеде 700 гектар шаруашылық аумақты зиянкестер отап тастаған

Олардың саны жылдан жылға көбейіп бара жатыр

Ақтөбеде 700 гектар шаруашылық аумақты зиянкестер отап тастаған Иллюстративное фото uz.sputniknews.ru

Ақтөбелік шаруалар шегірткеден жапа шегіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Аптап ыстықта зиянкестер әбден мазаны қашырды дейді олар. Шегірткелер қаланың 6 ауданындағы қожалық иелерін шырғалаңға түсірген. Мәселен Ырғыз ауданында 700 гектар аумақты отап тастаған.

«Шегірткелер ештеңе қалдыратын түрі жоқ. Бұлар жылдан жылға көбейіп бара жатыр», – дейді Жаныс би ауылының тұрғыны Сайран Бақыманов.

Шенеуніктер шегірткемен күрес күні-түні жүріп жатыр деп сендірді. Егіс алқаптарын зиянкестер жоламасын деп алдын ала тазалап қойғанын айтады. Сондағысы 100 мың гектар алқаптың 27 мың гектары ғана екен. Яғни, 25 пайызы ғана өңделген. Бұдан бөлек, Әйтеке би, Шалқар және Хромтаудағы шаруалардың да алқап жауынның әсерінен гектар-гектар егістігі еш кеткен.

«Қазір шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жоғарыда аталған барлық ауданда жүргізілуде. Бүгінгі күні егістерге қауіп жоқ, зерттеушілер тұрақты негізде бекітілген жерлерге, оның ішінде егістерге мониторинг жүргізеді»,– деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК КММ Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы Арыстан Жақыбаев.

Шегіртке саны құрғақ ауа райына байланысты күрт көбейген. Соңғы күндері аймақта температура өте жоғары. Сынап бағаны 38-40 градустан асып тұр. Биыл кем дегенде 700 мың гектарға жуық ауылшаруашылық жерлері өңделуі керек.

Райгүл Еншібай, Жомарт Құдайбергенов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Қазақстанның кей өңірінде құрғақшылық болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир