Құс тұмауы: Бірнеше құс фабрикасы өтемақысыз қалуы мүмкін

Құс тұмауы: Бірнеше құс фабрикасы өтемақысыз қалуы мүмкін
Ауыл шаруашылығы министрлігі өзі тіркеген санды алып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда құс фабрикаларын тексеру кезінде жұмыс тобы ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақтамайтынын, жабайы әрі жыл құстарының құс фабрикаларының аумағында бар екенін, мал дәрігері біліктілігінің сәйкессіздігін анықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді. Сонымен қатар, ол құс тұмауынан келген шығынды өтеу мәселесіне тоқталды.

«Жалпы, құс шығынын өтеу Статистика комитетінің берген әрбір өңір мен аудан бойынша белгіленген баға арқылы және онда құрылған комиссиясының шешімімен анықталады. 2020 жылғы 7 қазанда облыс әкімдіктеріне осы шараларды жүргізу тәртібі, құжаттар пакетін қалыптастыру кезінде көмек көрсету туралы хаттар жолданды. Қазіргі кезде 15 мыңнан астам құс басына дайындалған құжаттар келіп түсті. Олар бойынша жеке шоттарға 75 миллион теңгеден астам төлем аударылды», – деді ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов.

Ал, «Қазақстан құс өсірушілер одағының» шығынға ұшыраған құстардың есебі министрліктің есебімен сай келмей отыр. Бірлестік президенті Руслан Шәріповтің айтуынша, фабрика басшылығының жіберген қателігінен енді олар мемлекет тарапынан өтемақы ала алмай қалуы мүмкін.

«Мәселе, санның сәйкес келмеуінде. Тамыз айынан бері дауласып келе жатырмыз. 3 фабриканың екеуінде 500 мыңнан құс қырылған және Бескөл фабрикасында 246 мың бас өліп қалды. Әрине, ауыл шаруашылығы министрлігі өзі тіркеген санды алып отыр. «Алекри» құс фабрикасының шығынын тіпті есепке алмады. Енді оларға шығын өтелмейтін шығар», – деді «Қазақстан құс өсірушілер одағы» ЗТБ президенті Руслан Шәріпов.

Новости партнеров