Алматыда исламдану үдерісінің өзекті мәселелері талқыланды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ел арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Исламдану үдерісінің өзекті мәселелері. Философия, саясаттану және дінтану институтында өткен дөңгелек үстелде рухани дағдарыс пен ұлттық және діни бірегейлікті қайта қарастыру жайы сөз болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Исламдану үрдісінің әмбебап және жергілікті ерекшеліктерін зерттеу, олардың Қазақстандағы мұсылмандардың діни және қоғамдық-саяси көзқарасына ықпалын қарастыру – маңызды әрі өзекті мәселе. Бүгінде қалалық дін басқармасы мен респуликалық дін комитетінің өкілдері ел арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Мамандар мен сарапшылар бас қосқан жиында ислам модернизациясының бағыттары қарастырылып, арнайы баяндама оқылды.

– Қазақ кеше ғана пайда болған ұлт емес. Дәстүрі, ұлттық аспаптары бар. Жастардың арасында домбыраға қатысты түрлі пікір айтылады. Бәріне жауап беру үшін ғалымдар талқылап отырмыз, – деді Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану орталығының директоры Алмасбек Шағырбай.

Оқи отырыңыз: Азаматтардың жеке дерегін сақтауға қай мекеме жауапты

Новости партнеров