|
31.12.2021 | 16:36
1306

Еліміздің танымал тұлғалары қазақстандықтарды Жаңа жылымен құттықтады

Мәдениет саласының қарқынды дамуына үлес қосып жүрген өнер адамдарының бір тілегі – сұм індетті тоқтату

Еліміздің танымал тұлғалары қазақстандықтарды Жаңа жылымен құттықтады Almaty.tv

«Келер жыл тек жақсылығымен келсін!» деген өнер адамдары да барша отандасқа өз құттықтауын жолдады. Сондай-ақ әр отбасыға бақыт пен береке, достық пен ынтымақ тілеп, жүрек жарды лебіздерін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.     

«2022 жылда күтеріміз көп. Елімізде береке-бірлік болсын. Тыныштық болсын. Халқымыздың денсаулығы жақсы болып, ұлдарымыз бен қыздарымыздың қызығын көріп, еліміздің көк туының астында емін-еркін, бақытты өмір сүріп жүре беруді Алла нәсіп етсін», – деді әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі Сұлушаш Нұрмағамбетова.

Мәдениет саласының қарқынды дамуына үлес қосып жүрген өнер адамдарының бір тілегі – сұм індетті тоқтату. Жұрттың тілегі де осы болса керек. Сол көпшілікті суырып салма ақындар мен қарымды қаламгерлер де құттықтады.   

«2022 жыл. 2 деген санның өзі адамды жұптастырып, еңсесін көтеріп тұратын жақсы сан. 22 жыл – бес саусақтай бүгілген, жұдырықтай жұмылған жұп-жұмыр, жып-жылы жақсылыққа толы жыл болсын! Барша қазақстандыққа Құдай бақыт берсін», – деді ақын, ҚР Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир