|
30.04.2019 | 16:44
3186

Бостандық ауданының тұрғындары арықтардың бітеліп қалуынан тротуарларды су шайып кететінін айтып шағымданды

Су сорғыш жүйелердің бетіндегі торларды қоқыс бітеп тастаған дейді олар

Бостандық ауданының тұрғындары арықтардың бітеліп қалуынан тротуарларды су шайып кететінін айтып шағымданды tengrinews.kz

Алматыда толассыз жауын жауса жаяу жүргіншілер жолын су шайып кетеді дейді Бостандық ауданының тұрғындары. Жергілікті билікке шағым айтқандар BRT желісі салынған көшелерде су сорғыш жүйлері бітеліп қалғанын айтып отыр деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.

Жаңбыр суына арналған арық жүйелерінің бетіндегі торларды қоқыс бітеп тастағаннан кейін ағын су арыққа құйылмай, тротуар үстіне жайылатын көрінеді.

«Нөсерлі жауыннан кейін су басып қалатынын жақсы білесіздер. Оған негізгі екі себеп бар: су соруға арналған құдықтардың беті бітеліп қалады және арықтар қоқысқа толып қалады немесе олар мүлдем жоқ», - Бостандық ауданының тұрғындары.

Жергілікті халықты жабайы сауданың белең алғаны да қынжылтады. «Тротуарлар сауда орындарына айналды» деген жұрт, көшеде сауда жасап отырғандар қаланың эстетикалық келбетін бұзып қана қоймай, антисанитарлық жағдай қалыптастыруда дейді.

«Мені біздің ауданның хал-жағдайы алаңдатады. Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысында көкөніс пен жеміс-жидек сататындар көп, нағыз антисанитария. Шаң-тозаң. Саудагерлер тауарларын сол лас жерде қойып сатады. Жол бойымен автобустар, жеңіл көліктер мыңдап өтіп жатыр, олардан улы газ бөлінеді, тиісінше жеміс-жидекке сіңеді. Жабайы сауда екенін бәрі білсе де ол саудагерлерге қарсы күш табылмай тұр», - дейді тағы бір тұрғын.

Ал, бұл сауалдарға осы бейсенбіде сағат 19:30-да Бостандық ауданының әкімі Алтай Рақымбетов тікелей эфирде «Әкіммен ашық әңгіме» бағдарламасында жауап береді. Аудан тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарын қазірден бастап «Алматы» арнасының ресми сайтында қалдырып, WhatsApp қосымшасы арқылы жазбаша, аудио және бейне жазба ретінде жібере алады. Сонымен қатар, тікелей эфир кезінде студияға қоңырау шалу арқылы да сауалдарыңызға жауап ала аласыздар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир