|
15.06.2023 | 16:45
222

Айдос Сарым: Әлеуметтік желіні анархия кеңістігі деу – ақымақтық

Оның айтуынша, интернет кеңістіктегі дүниелер заңмен реттелуі тиіс

Айдос Сарым: Әлеуметтік желіні анархия кеңістігі деу – ақымақтық parlam.kz

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым интернетте және әлеуметтік желілерде таралатын ақпараттар үшін жауапкершілікке қатысты, яғни «Сырым-Закиева түзетулері» деп аталып кеткен заң жобасы аясындағы нормалар туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бұл жерде адамды жазалау міндеті тұрған жоқ. Мүмкін ол қателескен шығар?! Бұл жерде жазба авторының немесе расталмаған ақпаратты таратушының айыбын мойындатуға мүмкіндік беру. Егер жағдай қайталанса немесе тұрақты әдетке айналса, онда іс басқаша қаралады. Сонымен қатар елдің тұтастығына, егемендігіне күмән келтіру деген мәселеге де мән беріп жатырмыз. Бұл да керек дүние. Көріп отырсыз, елдің ішінде сепаратистік көзқарастары үшін сотталып жатқандар бар. Әсіресе солтүстік аймақтарда, бұл да көп нәрсені аңғартады. Жалпы, біз билікті немесе белгілі бір шенеуніктерді ұнатпауымыз мүмкін, теріс, сыни көзқараста болатын шығармыз. Бірақ мемлекеттің негізін жоққа шығаруға құқығымыз жоқ. Өйткені азаматтардың құқығын мемлекет қорғайды», - деді Айдос Сарым.

Оның айтуынша, интернет-кеңістіктегі дүниелер заңмен реттелуі тиіс.

«Интернет және әлеуметтік желілерді анархиялық кеңістік деп қарау – ақымақтық. Өмірде қандай тыйым бар, ол интернетке де қатысты болуы керек. Өмір мен интернет әлемінде теңдік болуы тиіс», - дейді депутат.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир