|
11.03.2019 | 16:47
6132

Алматыда жұмыссыз жастарға кәсіпкерлік үйрететін жоба жұмысын бастады

Жастар жылы аясында қолға алынған аталмыш шараға 18 бен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатыса алады

Алматыда жұмыссыз жастарға кәсіпкерлік үйрететін жоба жұмысын бастады

Алматыда кәсіпкерлерді қолдау мен бизнесті дамытуға бағытталған «Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасы жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жастар жылы аясында қолға алынған аталмыш шараға 18 бен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатыса алады. Олардың алдында 2 апта көлемінде теорияны ғана үйреніп қоймай, ашқысы келген кәсібінің бизнес-жоспарын дайындау міндеті тұр. Қалалық кәсіпкерлер палатасы жобаға қажетті қаржыны тауып, нарыққа шығуға көмектеседі.

«Бастау» жобасы аясында екі жылда ауылдық жерлерде де, қалада да естіп жатырмыз. Бірақ өкінішке қарай, екі жылда ешқандай нақты жастарға арналған бағдарлама болмады. Соның нәтижесінде осы пилоттық режимде қазір бірінші топ жинап, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында оқытуды кешеден бастадық. Қолымыздан келгенше толықтай ақпарат беріп, қолымыздан келгенше үйретіп, маркетингтік анализ жасап, нарыққа қалай шығару керек, өнімді қалай сату керек, тұтынушылармен қалай жұмыс істеу керек деген сияқты қажетті тренингтер өткізуді бастадық», – деді бизнес-тренер Біржан СЕРІКОВ.

Айта кетейік, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлерді қолдау палатасы «Бастау бизнес» желісі бойынша 15 мың ауыл жастарын оқытуға қосымша тағы 40 мың орын қарастырып отыр. Олардың дені елдімекендерден қалаға жұміс істеймін деп келгендер. Қазір алғашқы топ оқуды бастап кетті.  

«Бұл бағдарламаның ең қызықты тұсы – осы курс біткен соң, 500 мың теңге көлемінде грант бөлінеді. Ол өз ісін, жобасын бастауға үлкен көмек. Және де сертификат беріледі. Оның мерзімі шектеусіз. Осы сертификатпен келе отырып, өзінің бизнесін дамыту үшін Үкіметтен несие ала алады», – деді жас кәсіпкер Әйгерім САЛҚЫНБАЕВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир