Павлодарда көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам қайтыс болды

NUR.KZ
NUR.KZ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екінші Павлодарда Мүткенов көшесі, 53 мекенжайы бойынша орналасқан бес қабатты тұрғын үйде қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Сағат 14.40-та бірінші қабатта ас үй бөлмесінде белгісіз зат жарылып, үйдегі заттар, тұрмыстық техника жанған. Өрт сағат 15.11-де сөндірілді. Қызыл жалын сегіз шаршы метр аумақты шарпыған», - делінген хабарламада.

Жарылыс болған жерден 33 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген, сондай-ақ 36 жастағы ер адамның денесі табылды. Екі подъезден 60 адам эвакуацияланды. Оның 15-і – бала.

Оқиға орнында облыстық ТЖД-нің жеке құрамынан 20 адам мен бес техника, медициналық апаттар орталығынан төрт адам мен бір техника, жедел құтқару жасағынан төрт адам мен бір техника жұмыс істеді.


Новости партнеров