Б. Сағынтаев қалалықтарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары туралы айтты

иллюстрированное фото: otyrar.kz
иллюстрированное фото: otyrar.kz
Коммуналдық қызметтерді төлеуге 2,1 млрд теңге бөлінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Қала әкімі Б. Сағынтаев онлайн баспасөз конференциясы барысында төтенше жағдай мен карантин кезінде әлеуметтік қолдауға мұқтаж қалалықтарға қолдау көрсету шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасына сәйкес төтенше жағдай енгізілуіне орай табыстарынан айрылған жандарға ең төмен көлемдегі бір айлық жалақы (42 500 теңге) ай сайын берілді, аз қамтылған адамдар санатына жататындардың коммуналдық қызметтері төленді.

440 мыңнан астам алматылық 42 500 теңге көлемінде қаржылық көмек алды. ТЖ жағдай барысында 898 136 өтініш қабылданды, форматты-логикалық бақылауға сәйкес келмегендіктен қалған өтініштер қайтарылды.

Коммуналдық қызметтерді төлеуге 2,1 млрд теңге бөлінді, олардың 30,4 мыңы мақұлданып, 456 млн теңге төленді. Осы көмекті алу үшін алматылықтардан 198 мың өтініш түсті.

Бірінші кезекте әлеуметтік қолдау мүгедектерге, ҰОС қатысушыларға, оларға теңестірілген отбасыларға, мүгедек баланы тәрбилеп отырғандарға, көпбалалы отбасыларға, ең төмен зейнетақы алатындарға, жалғызбасты зейнеткерлерге, сонымен қатар АӘК алатын азаматтарға көрсетілді.

Осы қиын сәтте қала тұрғындарына қоғамдық қорлар және Nur Otan партиясы айтарлықтай көмек көрсетті, мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері таратылды. «Жаңа Алатау» ҚҚ азық түлік себеттерін апарып берді. «Birgemiz» қоры 52,1 мың адамға 2,6 млрд теңгенің бірретік көмегін көрсетті.

Әкімдік деңгейінде 1,9 млрд теңгенің қосымша әлеуметтік шаралары қарастырылды. Қарт адамдар мен жалғызбасты зейнеткерлерге ыстық тағамдар берілді. 27 наурыздан бастап күн сайын 819 зейнеткерге жалпы сомасы 33,6 миллион теңге көлемінде ыстық тамақ жеткізілді. Әлеуметтік жағынан мұқтаж 7 мың адам жалпы сомасы 75 млн теңгеге санитарлық заттармен қамтамасыз етілді. 40 мың адамға 2 млн медициналық маска таратылды.

Баспасөз конференциясы барысында Б. Сағынтаев салынып жатқан әрі әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға көмек көрсететін орталық туралы да айтып өтті. Әлеуметтік қызмет үйі – бұл «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін орталық және аталған санаттағы адамдарға кең көлемде қызмет көрсететін болады. Жобаны ағымдағы жылдың соңында іске қосу жоспарланған.


Новости партнеров