Қырғызстан шекарасынан өту жеңілдейді

Қырғызстан шекарасынан өту жеңілдейді
Бүгінде екі ел арасындағы 7 өткізу бекетінен жылына 11 миллиондай адам және 500 мыңға тарта көлік өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұдан былай Қазақстан азаматтарының Қырғызстан шекарасынан өту шаралары жеңілдей түспек. Осы реттегі заң жобасы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мақұлданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Анықталғаны, қазір қос ел арасындағы жеті өткізу бекетінен жылына 11 миллиондай адам және 500 мыңға тарта көлік өтеді. Ал Қазақстан мен Қырғыз арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдау былтыр 43 пайызға артыпты. Сол себепті бірқатар өткізу пункттерінің мәртебесін халықаралыққа ауыстырудың өзектілігі арта түскен. Бұл туралы бүгін еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

«Екі өткізу пунктін халықаралық пунктке ауыстырғанның себебі бүгінгі таңда істеп тұрған өткізу пункттердің күші жетпей. Адамдар көп өтіп жатыр. Сонымен Ауқатты мен Сартөбе осы ратификациядан кейін басқа деңгейге, жоғары деңгейге, халықаралық деңгейге өтеді. Ол дегеніміз екі елдің азаматтарына да талай жеңілдіктер әкеледі», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВ.  

Аталған шаралар Қарасу және Қордай автомобиль өткізу бекеттеріндегі көлік ағынын біршама азайтуға мүмкіндік бермек. Ратификацияланған құжаттың арқасында Қазақ пен Қырғыз арасындағы сауда-экономикалық қатынас одан әрі нығая түседі. Ал бұл өз кезегінде Орталық Азия мемлекеттерінің тауар айналымына оң әсерін береді.  

Новости партнеров