«Бақытты отбасы» аясында баспаналар шілдеден бастап беріле бастайды

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Жоба аясында 98 отбасы үйлі болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екі пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген ипотека шілдеден бастап беріле бастайды. Көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» тұрғынүй бағдарламасы үшін Қаржы министрлігі екі аптаның ішінде қаражат аударуы керек. Бұл туралы «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің» басқарма төрағасы айтты, деп хабарлайды tengrinews.kz.

ТҮҚЖБ АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Алматы қаласында пилоттық режимде іске қосылған жоба аясында 98 отбасы баспаналы болғанын айтты. Ол үшін әкімдік шамамен 3 миллиард теңге бөлген. Қазір бұл қалада тағы да 233 өтініш қарастырылып жатқан көрінеді.

«Республикалық бағдарлама 1-2 аптаның көлемінде іске қосылады. Бизнес үдерістері пилоттық жоба кезінде тексерілді. Біз толығымен дайынбыз. Ипотека 2 пайыз жылдық мөлшерлемемен беріледі. Алғашқы жарна  баспана құнының 10 пайызы. Қарызға ең көп дегенде 15 млн теңге беріледі. Өтініш пен құжаттарды арнайы портал арқылы өткізеді. Ипотека алған адамның аты-жөні банк сайтында жарияланып отырады», – дейді Ибрагимова.

Новости партнеров