Алматыда өзен мен арық жүйелеріне лас су ағызғандар анықтылды

Алматыда өзен мен арық жүйелеріне лас су ағызғандар анықтылды
Айта кетейін, жалпы мегаполисте 2 миллионнан астам ағаш бар екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мамандар бір ай бойы тексеріс жүргізіп, нәтижесінде заңсыз құбыр жалғап, табиғатты ластаған қос кафені тапқан. Дәмханалар Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің аумағында орналасқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ, Медеу, Алатау және Түрксіб аудандарында 14 дерек тіркелген. Рейд кезінде Үлкен Алматы, Ашыбұлақ және Қарғалы өзендерінен алынған сынамаларда су құрамы айтарлықтай өзгерген. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, ескертулер берілді.

«Үй иелеріне болмаса кафе иелеріне ескерту берілді. Яғни олар трубаларын алып жатыр. Болмаса жауып жатыр. Біз оған түсіндірдік. Егер де өзен жағалауын ластаса, ол заң бойынша әкімшілік жауапкершілік көрсетілген деп. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын су обьектілері жағалауын, тұрмыстық қалдықпен ластамауды сұраймыз», – деді Алматы қаласы арнайы табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры Ержан САҒЫМБЕКОВ.

Айта кетейік, прокурорлар табиғатқа жаны ашымай, өзен жағалауын қоқысқа толтыратындармен де қарқынды күрес жүргізуде. Су обьектілері маңына тұрмыстық қалдық тастаған тұлғаларға 40-тан астам әкімшілік хаттама толтырылыпты.

Алматыда апатты деп танылған ағаштар кесіліп жатыр. Қалада 54 мың жасыл желек емдеуді қажет етеді. Зерттеу жұмыстарын жүргізген қалалық жасыл экономика мамандары ауырған ағаштарды жыл соңына дейін кесіп тастамақ. Айта кетейін, жалпы мегаполисте 2 миллионнан астам ағаш бар екен.

«Қазір біз ботаникалық институт мамандарымен және ғалымдармен жұмыс істеп жатырмыз. Тексерілген ағаштардың көбі сырты жасыл болғанымен, іші шіріп бастаған. Мәселен Зенков көшесіндегі құлаған ағаш. Оның да сырты тәуір болғанымен, тамыры шіріген болып шықты. Қазір осындай ауырған ағаштармен жұмыс істеуді күшейттік», – деді Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының бөлім басшысы Олжас ЖАНЫСБАЕВ.


Новости партнеров