Талдықорғанда ТЖ тәртібін бұзған қоғамдық монша иесі қамауға алынды

kaspyinfo.ru
kaspyinfo.ru
Тәртіп сақшылары барлық тұрғындарды тез таралатын қауіпті індетке және елімізідегі төтенше жағдайға байланысты бекітілген ережелерді қатаң сақтауға шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Облыс орталығының тұрғыны еліміздің аумағында жарияланған төтенше жағдай тәртібін бұза отырып, өзіне тиесілі қоғамдық моншасының қызметін тоқтатпаған. Көрсетілген қызметі арқылы адамдардың бір орынға жаппай жиналуына жағдай жасаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тексеру кезінде моншада көп адамның бар екені анықталды. Моншаның иесіне ҚР ӘҚбК 476-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Талдықорған қаласының мамандандырылған ауданаралық соты ТЖ жағдайында құқық бұзушыны 5 тәулікке қамаққа алу туралы шешім шығарды»,- деп хабарлады Талдықорған ҚПБ бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары барлық тұрғындарды тез таралатын қауіпті індетке және елімізідегі төтенше жағдайға байланысты бекітілген ережелерді қатаң сақтауға, халықтың жаппай ауру жұқтыруына жол бермеуге шақырады.

«Әр адам бұл мәселеге өте жауапты қарауы тиіс. Кез келген қателік орны толмас қайғы мен талай жанның өліміне алып келуі мүмкін. Індетті жеңу мен халқымыздың амандық-саулығы әрқайсымызға байланысты екенін ұмытпау қажет. Өйткені, ауру қателіктер мен кемшіліктерді кешірмейді»,- деп толықтырды қаланың бас полицейі Асқар Нұрсапа.

Новости партнеров