Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚКД) Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Жанұя» балалар үйіне тұрақты түрде қолдау көрсетіп отырады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осылайша, жақын күндері анимациялық фильм көру үшін балалар үйінің 30 тәрбиеленушісіне кинотеатрға арнайы саяхат ұйымдастырылды. Одан кейін балаларға түскі ас пен тәттілер беріліп, ойыншықтар мен қажетті маусымдық киімдер табыс етілді.
«Біз барлық қызметкерге, еріктілерге және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығына алғыс айтамыз. Мұндай қолдау мен түсіністік әрбір тәрбиеленушіміз үшін өте қажет. Балаларымыз үшін жасалған мереке үшін өте қуаныштымыз, әрі ризашылығымызды білдіреміз», - деді балалар үйінің басшылығы.
«Жанұя» кешенінің негізі 1999 жылы 350 тәрбиеленушіге арналып қаланған. Бұл жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақша мен түзету мектебін қамтитын арнайы балалар үйі. Мұнда оқыту мен тәрбиелеу жүйесі арнайы түзету бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Балаларды тәрбиелеуде тәжірибелі педагогтар мен психологтар көмектеседі.