|
05.09.2024 | 17:46
930

Алматыда тағы бір көлік жуу орны бұзылды

Сот шешімімен объект өз бетінше салынған деп танылды

Алматыда тағы бір көлік жуу орны бұзылды Almaty.tv

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, Бурундайская көшесі, 91/10 бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету автожуу орнын сот заңсыз деп таныған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін учаскені жалға алушы (жеке тұлға) жол берілген заңбұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

«Кейінірек басқарма заңсыз тұрғызылған нысанды бұзуға талап арыз берді. Алматы қаласы СМЭС-тің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы шешімімен объект өз бетінше салынған деп танылды және бұзу туралы талап-арыздар қанағаттандырылды», - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Алматы қалалық сотының биылғы 1 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды. 

Нысанды бұзуды жалға алушы бүгін Әділет департаментінің сот орындаушыларының көмегімен өз бетінше бастады.

Еске салсақ, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 47 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «Khan», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир