|
11.11.2020 | 17:43
4786

Ұлтаралық татулық біздің басты байлығымыз болуы керек – Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚХА кеңесінің отырысы өтті

Ұлтаралық татулық біздің басты байлығымыз болуы керек – Нұрсұлтан Назарбаев Elbasy.kz

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚХА кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

«Қиын жағдайға байланысты кеңес отырысын бейнебайланыс түрінде өткізіп отырмыз. Бұл жиынымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына арналады. Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын. Мерейтойлық меже өткенге көз жүгіртіп, атқарылған жұмысты қорытындылауға себеп болып отыр. Ассамблеяның қандай қиын уақытта құрылғанын бәріміз білеміз. Бұрынғы КСРО-ның ыдырауы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының қалыптасуы, тарихи шиеленісті, ертеңгі өмірге деген сенімсіздік заманында құрылды. Бірақ, біз дәл сол кезде өзіміз үшін бір нәрсені қабылдадық. Ұлтаралық татулық біздің басты байлығымыз болуы керек», – деді кеңес отырысын ашқан Елбасы.

Елбасы 1992 жылдың 14 желтоқсанда өткен Қазақстан халықаралық форумында жұртымыздың келісімі мен бірлігіне негізделген Ассамблея құру жөнінде бастама көтергенін еске салып өтті.

«1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойылды», –  деді Нұрсұлтан Назарбаев. Айта кетейік, отырысқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, кеңес мүшелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Парламент депутаттары, этнобірлестіктердің төрағалары қатысты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир