Жол-көлік апатына ұшыраған азаматқа, қаладағы №4-ші қалалық клиникалық аураханасының дәрігерлері шұғыл ота жасап үлгерген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мойын омырытқасы шығып, одан бөлек көптеген жарақат алған науқастың мүгедек болып қалмауы үшін нейрохирургтар 2 сағаттық операция жасады. Өмірін арашалап қалған Жасұланның ақ халаттыларға алғыстан басқа айтары жоқ.
«Қазір тұрып, тамақ ішіп, далаға шыға аламын. Жақсымын, шүкір. Аяқ-қолымды игере аламын. Ұйқым тыныш», – деді Жасұлан ЖАРЫЛҚАСЫН.
Жасұланға жасалған ота негізінен күрделі боп есептелінеді. Нейрохирургтар шығып кеткен мойын омыртқасына жасанды бұрама мен диск қойған екен. Таң қаларлығы, операциядан соң, 3 күннен кейін науқас аяғына тік тұра алғандығында. Дәрігерлер мұндай жағдай көп бола бермейтінідігін жасырмады.
«Науқасты каталкамен әкелді. Қол-аяғы істеп тұрған жоқ еді түскен кезде. Жедел түрде зерттеулер жасалып, отаға жіберілді. Екі сағаттың ішінде операция жасалып шықты. Қазір жағдайы тәуір», – деді Алматыдағы № 4 қалалық клиникалық ауруханасы бөлімінің нейрохирург-дәрігері Тимур АЙТМҰҚАНОВ.