Еліміздің тауар өндірушілері қазақстандықтарға 1 миллиард теңгеден көп материалдық шығындарын өтеп берген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Былтыр «Ұлттық тұтынушылар лигасы» 6 мыңнан аса өтінішті қабылдап, оның 99 пайызы медиация тәртібімен шешілген. Тұтынушылардың дені коммуналдық, медициналық, азық-түлік өнімдері және химиялық тазарту қызметтері бойынша кеңес алуға жүгініпті.
Ширек ғасырдан астам тарихы бар «Ұлттық тұтынушылар лигасында» 60 мыңға жуық адам бар. Жылды қорытындылаған ұйым жеткен жетістіктерімен бөлісті.
«Ұлттық тұтынушылар лигасының басты мақсаты – азаматтардың өмірін жақсарту, әлеуметтік әділеттілік пен адам құқығын қорғау болып табылады. Бұл ұйым тұтынушыларға заңды және консультативтік қызмет көрсетеді», – деді Ұлттық тұтынушылар лигасының басшысы Светлана РОМАНОВСКАЯ.