Елордада 8-қабаттағы терезеден баланы құтқарып қалған азамат марапатталды

Фото: дереккөзден
Фото: дереккөзден
Еске салайық, 11 мамырда Ұлы Дала көшесі 27/1 мекенжайында 8-қабаттағы балконның ернеуіне баланың ілініп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төтенше жағдай бірінші вице-министрі генерал-лейтенант Ибрагим Күлшімбаев 8-қабаттан қызды қағып алған Сәбит Шонтақбаевты "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 11 мамырда Ұлы Дала көшесі 27/1 мекенжайында 8-қабаттағы балконның ернеуіне баланың ілініп қалғаны туралы сағат 10.21-де хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеке құрамның 7 адамы мен 2 техникадан тұратын Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жөнелтілді.

"Келген сәтте сегізінші қабаттағы балконның ернеуіне ілінген баланы төменгі қабатта тұратын ер адам құтқарғаны анықталды. 2019 жылы туған қыз құлаған кезде ата-анасы үйде болған, бірақ баланың жанында ешкім болмаған. Бақытымызға орай, 1985 жылы туған жетінші қабатта тұратын Сәбит Шонтақбаев жылап жатқан баланы көріп құтқару бойынша іс-қимыл жасап, санаулы секундтарда баланың өмірін сақтап қалды", - деп хабарлады ТЖД.

"Құрметті ата-аналар, бұл бала аман-есен құтқарылды, бірақ соңы қайғымен аяқталған көптеген жағдай бар. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар! Егер үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық тастамаңыздар, өйткені баланың әрекет етуі үшін бір секунд жеткілікті", - деді құтқарушылар.

Новости партнеров