Батыс Қазақстандағы саяжай үйлерін су басты

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Қазір өңірдегі 60 жол учаскесі бақылауда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жайық өзенінде су деңгейінің көтеріліп, қауіп төндіруіне байланысты Орал қаласында бірнеше күннен бері саяжай тұрғындары көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өзен жайылмаларында орналасқан 706 саяжай үйін су басты.

Өткен тәулікте облыстық маңызы бар 1 облыстық жолдан су өткен. Су шайып кеткен 60 жол учаскесі бақылауда. Облыс бойынша бұрынғыша 9 елді мекен қатынассыз қалып отыр.

- Су тасқыны басталғаннан бері 12 970 адам эвакуацияланса, соның 5 398-і — балалар, 19-ы — мүмкіндігі шектеулі адамдар. Эвакуациялық пункттерде орналасқан 1 801 адамның 777-сі — балалар. 4 886 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды. Өңірде 1 млн астам еріген қар суы сорылып, 254 120 қапшық төселді. Қазіргі уақытта барлық жұмыстарға 1 452 адам (128 техника, 8 мотопомпа, 9 жүзу құралы, 3 тікұшақ) жұмылдырылды, - деп хабарлады ведомстводан.

«Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалының мәліметі бойынша бүгін сағат 15.00-де Орынбор облысындағы Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне секундына 993 текше метр су жіберілуде. Жайықтың Орал қаласы тұсындағы деңгейі 722 сантиметрге жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында құм толтырылған 125 мың қапшық дайындалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда мал өлекселерін жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Бөгет жасап, желіні жарды: Ринат Гайсин Атырауда жүр (видео)


Новости партнеров