Қазақстандықтар eGov mobile мобильдік қосымшасында және eGov.kz порталында несие алудан ерікті түрде бас тартатындығы жөнінде өтініш қалдыра алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Енді әрбір қазақстандық азамат eGov mobile мобильдік қосымшасында және eGov.kz порталында несие алудан ерікті түрде бас тарту жөнінде өтініш бере алады.
Бүгіннен бастап күшіне енген қызметке азаматтың тек өзі ғана өтініш бере алады. Несие мен шағын несиелерді рәсімдеуге тыйым салу 6 айға белгіленеді және мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде алынып тасталады.
-Сондай-ақ бұл шектеулерді кез келген уақытта алып тастауға да болады. Ол үшін банктік қарыздарды алудан ерікті түрде бас тарту қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру қажет, - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Министрдің айтуынша, бұл қызмет адамдардың қауіпсіздігі үшін қажет. Яғни қазақстандықтар несиені заңсыз ресімдейтін алаяқтардан қорғалады.
Қазір дәл осындай қызмет Бірінші кредиттік бюроның сайтында бар. Бірақ ол ақылы. Ал Электронды үкімет порталында кредит алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш тегін қабылданады.
Қарыз алудан ерікті түрде бас тарту сервисі eGov.kz mobile мобильдік қосымшасының басты бетінде, «Танымал қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Осыған ұқсас қызмет eGov.kz порталындағы «Азаматтарға» - «Кеден және салықтар» - «Экономика және қаржы» бөлімінде орналастырылған.
Оқи отырыңыз: Қазақстан тасжолдарында интернет пайда болады